Іздеу жұмыстары арнайы жүйе бойынша жүргізіліп жатыр.
Шығыс Қазақстанда із-түзсіз жоғалып кеткен екі қыз іздестіріліп жатыр
1,627
оқылды

Өскемен қаласында бірнеше аптадан бері із-түзсіз жоғалып кеткен екі қыз әлі табылмай жатыр,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

18 жастағы Әнел Ерік 18 күн бұрын, ал 24 жастағы Айпара Тұлақбай бір ай бұрын жоғалып кеткен.

Облыстық Полиция департаменті екі қыздың жоғалғаны туралы ақпаратты растады.

Әнел Ерік 2005 жылы 31 желтоқсанда дүниеге келген. Ол 12 қарашада таңертең үйден шығып, сол күйі оралмаған. Соңғы рет оны "Металлург" саябағының маңында көрген, содан кейін ол із-түзсіз жоғалған. Отбасымен байланысқа шықпаған. Жоғалған кезде үстінде жасыл киім, қара етік, шалбар болған.

Айпара Тұлақбай 2000 жылы 17 шілдеде дүниеге келген. Ол 25 қарашада жоғалып кеткен. 29 қарашада оған ұқсайтын қызды көргендер болған.

Іздеу жұмыстарына lider.kz еріктілері белсене қатысуда. ШҚО бойынша волонтерлік топтың үйлестірушісі Олеся Клинкованың айтуынша, іздеу арнайы жүйе бойынша жүргізіліп жатыр. Ол ауруханаларды, мәйітханаларды тексеру, туыстары мен достарын сұрастыру, әлеуметтік желідегі деректерді талдауды қамтиды.

– Біз екі қыздың да үйден өз еркімен кеткенін білеміз. Кету себептері де анықталған. Алайда бұл ақпарат құпия. Біз бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексердік. Өкінішке қарай, Өскемендегі кейбір камералар жабдықтарды жаңарту себебінен жұмыс істемейді. Дегенмен Айпараға ұқсайтын қызды көргендердің ақпараты бізге үміт сыйлады, – деді Клинкова.