Екі мәйіт те сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Атырауда көпқабатты үйдің жанынан екі адамның мәйіті табылды
Фото: zakon.kz
268
оқылды

Атыраудағы көпқабатты үйлердің бірінің артынан 42 жастағы әйел мен 34 жастағы ер адамның мәйіті табылған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Мой город" порталының мәліметінше, өлімнің себебін анықтау үшін екі мәйіт те сот-медициналық сараптамаға жіберілген.

"Алғашқы тексеру кезінде көзге көрінетін дене жарақаты анықталған жоқ", - деді Атырау облысының Полиция департаменті.