Комитет өткізу пункттері жұмысының өзгеруіне жедел ден қою және тасымалдаушыларды уақытылы хабардар ету үшін көрші елдердің құзырлы органдарымен белсенді ынтымақтастық жасап жатыр.
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Фото: gov.kz
1,246
оқылды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушылар мен басқа да мүдделі тараптарды қысқы кезеңдегі ауа райы жағдайлары мен автожолдардағы қозғалыс шектеулерін ескеруге шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Әдетте, қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты, әсіресе қазақстан-қытай шекарасында, автомобиль өткізу пункттерінің өткізу мүмкіндігінің төмендеуі мүмкін. Бұл өңірде төмен температуралар мен қатты желдерге байланысты қытай тарапының белсенділігі азаюы ықтимал.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге сәйкес, екі елдің мерекелік күндерінде өткізу пункттерінің жұмысы уақытша тоқтатылады.

Жақын арада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 16-17 желтоқсан аралығында қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Осыған байланысты, комитет тасымалдаушыларға маршруттарды алдын ала түзетіп, өткізу пункттері жұмысының кестесіндегі ықтимал өзгерістерді ескеруді ұсынады.

Комитет өткізу пункттері жұмысының өзгеруіне жедел ден қою және тасымалдаушыларды уақытылы хабардар ету үшін көрші елдердің құзырлы органдарымен белсенді ынтымақтастық жасап жатыр.

«Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.