«Иә» дедім»: әнші Ayree жақында тұрмысқа шығады (Видео)

Әнші сүйіктісімен бірге түсірілімге Шанхай қаласына барып, сол жақта ойламаған жерден ұсыныс жасалған.

Әнші Ayree жақында тұрмысқа шығады, – деп жазды Aikyn.kz.  

Әнші әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты жаңалығын жариялады. Оған сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасаған.  Өнер иесі бақытты сәтінен видео жариялап, оқырмандарына көрсетті. 

Әнші сүйіктісімен бірге түсірілімге Шанхай қаласына барып, сол жақта ойламаған жерден ұсыныс жасалған.  Мұндай тосынсыйды күтпеген өнер иесі көз жасына ерік беріп, "Иә" деп жауап берді. 

“Мен “иә” дедім. Барша құттықтаулар мен тілектеріңізге алғыс білдіреміз! Барлығын оқып шықтық. Шүкір, бақыттымыз!”, – деп жазды әнші.

Әншінің сүйіктісі өнерден алыс емес. Оның таңдауы Нұркен Қасымов есімді клипмейкерге түскен. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 💎AYREE | RAIN ent. (@ayreeofficial)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.