«Қазақ эстрадасының примадоннасы» атанып кеткен алтын дауыс иесі, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның сахнада жүргеніне елу жыл толды. Әрбір кешін асыға күткен көрерменді әнші жақында жағымды жаңалығымен қуантты. Атаулы мерейтойға орай өнер иесі ақпан айының 7 жұлдызында Республика сарайында кеші өтеді. Aiqyn тілшісі өнер иесімен сұхбаттасып қайтты.
Көпшілік әлі күнге дейін «сол баяғы Рымбаева» деп қабылдайды. Халықтың жадында «Әлия» образым қалып қойған. Алайда елу жылдың ішінде мен де адам ретінде өстім, өркендедім, өмірдің талай белесін өткердім. Қартайдым, әже атандым. Бірақ сахнадағы елу жылым текке өткен жоқ. Осы уақыттың бәрінде қазақ сахнасында халқыммен бірге өмір сүріп келемін. Елу жыл аралықта түрлі қайғыны бастан кештім, небір қиын кезеңдерді бастан өткердім. Менің ең үлкен бақытым – халқымның әркез қолдап жүргені. Әсіресе, жолдасымнан айырылған ауыр кезеңде бұл қолдау маған үлкен демеу болды. Сол жылдары кішкентай екі баламды алып, гастрольдік сапарларда жүрдім. Мен жыл сайын халық алдына шығып, «Көктем шақырады» атты концертімді беретінмін. Бұдан кейін аталған кеш шығармашылығымдағы дәстүрлі іс-шараға айналды, - деді әнші
Сұхбаттың толық мәтінінің мына сілтемеден оқи аласыз