Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында 30 м/с және одан да қатты жел соғады.
Тұман, жел, көктайғақ: 13 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
1,537
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 13 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуімен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, облыстың солтүстігінде қарлы боран болады. Тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, жел күшейеді, батыста, солтүстік-батыста-көктайғақ күтіледі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында 30 м/с және одан да қатты жел соғады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.