Атырауда көпқабатты үйлердің арасынан екі адамның денесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
КТК телеарнасының мәліметінше, жылу құбырында жатқан еркек пен әйелдің мәйітін сол маңдағы үйлердің тұрғындары байқаған. Куәгерлер дереу полицияға хабарлаған.
Полиция өлі табылған екі адамның да кім екенін анықтады. Оның бірі – 42 жастағы әйел, екіншісі – 34 жастағы ер адам. Екеуінің де денесінде зорлық-зомбылық белгілері мен жарақат жоқ. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін тәртіп сақшылары сот-медициналық сараптама тағайындады.
"Атырау қаласы аумағында көпқабатты үйлердің артында жылу құбырынан табылған мүрделерге қатысты сараптама тағайындалған. Алдын ала ақпарат бойынша мүрделерде дене жарақаттары жоқ. Қазіргі уақытта кешенді тексеру амалдары жүргізілуде", – деді Атырау облысы ПД инспекторы Дина Мақсотова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.