Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Полатты өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталуға жақын екенін мәлімдеді.
Шерзат Полаттың өлімі: прокуратура мәлімдеме жасады
Видео: instagram.com/karina.pravo
929
оқылды

Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Полатты өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталуға жақын екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдіктілер ұсталды. Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде. Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі. Сонымен қатар, Қ. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Ғайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлаймыз. Қоғамды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамыз. Уәкілетті органдардың тек ресми мәлімдемелеріне сенім білдіруді сұраймыз", – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 9 желтоқсан күні Талғар маңынан Шерзат Полаттың ағасының мәйіті табылды. Полицияның мәліметінше, Нұрқанат Ғайыпбаев өзіне-өзі қол жұмсаған.

Ал кеше Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне байланысты жүргізілген сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысы жарияланды.

Сондай-ақ бүгін Қаржаубай Нұрымов пен оның қарындасы 15 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.