Мемлекет басшысы энергетика саласының 100-ден астам қызметкерін марапаттады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқев энергетиктерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Энергетик күні қарсаңында отандық энергетика саласындағы жемісті еңбегі, Қазақстан Республикасының инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүзден астам жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда, 1 азамат «Парасат» орденінің және 19 энергетик «Құрмет» орденінің кавалері атанды, 36 жұмысшы ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен наградталды, 56 маман «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды.