Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты әскери бөлімнің әскери қызметшілері құрылыс алаңына жұмыс істеуге барған.
Қарағандыда сарбаздарды тегін жұмыс күші ретінде пайдаланған екі командир қызметінен кетті
33
оқылды

Қарағандыда төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты әскери бөлімнің екі командирі сарбаздарды тегін жұмыс күші ретінде пайдаланғаны үшін қызметінен босатылды, деп жазады Aikyn.kz.

“Информбюро” жазғандай, құтқарушылар қызмет етудің орнына бұрынғы төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевқа үй салып берген. 

2021 жылы сол кездегі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ибрагим Күлшімбаев ұлына Қарағандыдан үй салған. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты әскери бөлімнің әскери қызметшілері бұл құрылыс алаңына жұмыс істеуге барған. Бөлімшенің, өртке қарсы қызмет пен төтенше жағдайлар бөлімінің техникасы да жеке мақсаттарда пайдаланылды. Құтқарушылар бұл уақыт аралығында төтенше жағдайлар департаментінен жалақы алған. Сонымен қатар техниканың жанар-жағармайы да мемлекет есебінен төленген. Оған қоса, әскерилер бұл үйге өз қаражатына қақпа сатып алып, бұл үйге бөлімшеден алған бейнекамералардв орнатқан. Соттың анықтауы бойынша, келтірілген шығын, 2 миллион теңгеден асады. 

Еске салсақ, экс-вице-министр 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған еді. Ол енді мемлекеттік органдарда қызмет атқара алмайды.

Сонымен қатар, іске қатысы бар екі бөлімше командирі қызметінен босатылды.

“Бірде-бір заңбұзушылық ескерусіз қалмайды және шара қолданылады. Шеніне қарамастан генерал қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр”, - дейді Қарағанды ​​облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Роллан Есмағанбетов.