Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын күшейтті, – деп жазады Aikyn.kz.
“Мерекелік іс-шаралар өтетін жерлерде, сондай-ақ азаматтар көп жиналатын орындарда және мемлекеттік қорғауға жататын нысандарда полиция нарядтары көбейтілді. Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау камераларының көмегімен бақылау күшейтілді”, – делінген хабарламада.
Ішкі істер министрлігі іс-шаралардың өткізілуі кезінде қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.