Бұл оқиға Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14 қауіпсіздігі орташа мекемесінде болған.
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Рolisia.kz
1,169
оқылды

Онда тыйым салынған заттарды заңсыз өткізу әрекеті анықталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қырағылық танытқан мекеме қызметкерлері шұжықтың ішіне жасырылған ұялы телефонды тапты. Бұл бандерольді анасы ұлына арнайы жібермек болған.

Тексеру барысында Samsung ұялы телефонын, Beeline сим-картасы және зарядтағыш құрал тәркіленді.

Аталған дерек бойынша,  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы негізінде іс қозғалып, кінәлі тұлғаға қатысты материалдар сотқа жіберілді.