Оқиға Сәтбаев көшесіндегі жылы аялдамада болған.
Өскеменде жылы аялдаманың шынысы қыздың үстіне құлап кетті
236
оқылды

Ақпаратты ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растаған, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Зардап шеккен қыз ана мен бала орталығына жеткізілді. Ол жердегі мамандар қызды қарап шықты. Қыз жеңіл жарақат алған, тері асты гематома түзілген", – делінген хабарламада.

Қазір қыздың жағдайы жақсы, тексерістен соң үйіне жіберілген.