ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты "Қызылорда-Павлодар" автожолында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
14 желтоқсан сағат 22:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:
Қарағанды облысы:
1. "Қызылорда-Павлодар" автожолының 970-1135 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Павлодар облысының шекарасы.
Павлодар облысы:
1. Қызылорда-Павлодар" автожолының 1135-1206 шақырым аралығы, Қарағанды облысының шекарасы - Шідерті ауылы. Жолды
2024 жылғы 15 желтоқсан күні сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар 14 желтоқсан сағат 23:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:
Қарағанды облысы:
1.«Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолының 17-217 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Қарқаралы қаласына дейін.
2.«Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» автожолының 231-324 шақырым аралығы, Павлодар облысының шекарасы -Ботақара ауылы.
Жолды 2024 жылғы 15 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.