АҚШ ғалымдары адам өмірін қысқартатын 6 өнімді анықтады

Daily Mail басылымы осылай деп жазады.

Таяуда Мичиган университетінің ғалымдары адамның өміріне қауіпті 6 тағамды анықтады, – деп жазады Aykin.kz.

Зерттеуге қарағанда тізімнің басында хот-дог тұр. Ол адам ғұмырын 36 минутқа кемітеді, ал оны газдалған сусынмен тұтыну, тіпті зиян екен. Бұл адам өмірін тағы 12 минутқа қысқартатын көрінеді. 

Ғалымдар нәтижеге анық көз жеткізу үшін 6 мыңға жуық тағамға тәжірибе жасаған. Қауіпті өнім қатарында кептірілген ет, жұмыртқа және сэндвич бар. Ал мамандар адамның өмір жасын ұзартатын өнімдерге жеміс-жидек, көкөніс және балықты жатқызып отыр.

Оның құрамындағы пайдалы дәрумендер ғұмырымызды 48 минутқа дейін ұзартуға мүмкіндік береді дейді.