Жетісу облысында қоғамдық моншада өрт шықты

Оқиға Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында болған.

Жетісу облысында құтқарушылар қоғамдық моншадағы өртті сөндірді, – деп хабарлайды Aykin.kz.

Оқиға Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында болған. Сайын көшесінің бойындағы бір қабатты қоғамдық моншаның шатыры өртенген.

Құтқарушылар оттың таралуына жол бермей, 320 шаршы метр аумақты шарпыған өртті толығымен сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ.