16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
Мәулен Әшімбаев: Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау – әр қазақстандықтың қастерлі борышы
625
оқылды

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Aikyn.kz

Ол құттықтауын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

– Құрметті достар!

Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Дәл осы күні Қазақстан әлем картасына азат мемлекет ретінде қосылды. Дүниежүзі бізді дербес ел ретінде танып, мәртебеміз биіктеді. Сондықтан еркіндік пен елдіктің қадірін арттыратын мейрамды ұлықтау айрықша маңызға ие.

Шын мәнінде, Тәуелсіздік – біздің баға жетпес бағымыз бен байлығымыз. Сол себепті, оны көздің қарашығындай сақтау – әр қазақстандықтың қастерлі борышы.

Қазіргі таңда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен іске асырылып жатқан реформалардың бәрі, бірінші кезекте, аталған маңызды міндетті мақсат тұтады. Осы жолда ұлт болып ұйыса білсек, мемлекеттілігіміз нығайып, тұғырымыз бекемделе түсері сөзсіз.

Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық, құт-береке және елімізге амандық тілеймін!

Тәуелсіздігіміз баянды болсын!, – деді Мәулен Әшімбаев.