Жолды 2024 жылғы 17 желтоқсанда сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.
Қостанай облысында жол қозғалысы шектелді
501
оқылды

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметінше, еліміздің солтүстік өңірлерінде қолайсыз ауа райына байланысты жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

16 желтоқсанда сағат 17:00-де Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" 108-232 шақ., (Әулиекөл а. – Ақмола обл. шек.) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 2024 жылғы 17 желтоқсанда сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.

Осы ретте, "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі жүргізушілер еліміздегі жолдарға қатысты барлық ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы біле алатынын еске салады.