16 желтоқсанда Қостанай облысында жол апаты болып, үш адам қаза тапты, тағы үш адам жараланды.
Қостанай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Фото: istockphoto.com
329
оқылды

16 желтоқсанда Қостанай облысында жол апаты болып, үш адам қаза тапты, тағы үш адам жараланды. Полиция істі тергеп жатыр,   – деп хабарлайды Aikyn.kz "Алау" басылымына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, 16 желтоқсанда күндіз "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолында, Қарасу ауданына қарасты Геркено ауылынан 10 шақырым жерде жол апаты болған. Volvo және Toyota Alphard автокөліктері соғысқан.

Жол апатынан үш адам оқиға болған жерде көз жұмды, тағы үш адам Әулиекөл аудандық ауруханасына жеткізілді.

Полиция Қылмыстық кодектің 345-бабы (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) негізінде тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.