Қонақтарға басты сыйлық ретінде садақты сыйға тартатынын айтты.
"Басты сыйлық – садақ": Мұхамеджан Тазабек ұлын үйлендірді
Фото: stan.kz
637
оқылды

Белгілі дінтанушы, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек ұлын үйлендірді, – деп хабарлады  Aikyn.kz.       

“Өткен жолы анаңыздың тойынан мол тағылым алдық, бұл тойды да бізбен бөліссеңіз” деп келген көптеген өтініштермен тойдың маңызды сәттерін сториста, рилста бөлісіп отыруға тырысамын. Тәуелсіздік күні құтты болсын! Елді алаңдатқан жағдайлар әділ түрде шешімін тезірек тапсын!  Бұл тойдың күні осыдан 5 ай бұрын белгіленіп қойған. Бәле іздеп, “неге той тойлап жатсыз?!” деп жазатын жандарға алдын ала жауап бере кетейін!", – деп жазды  ол.

Қонақтарға басты сыйлық ретінде садақты сыйға тартатынын айтты.

"Басты сыйлық – садақ. Басқа сыйлықтар бола береді ғой, бірақ қазақ екенімізді еске салатын, жауынгерлік пен жігіттіктің белгісі дедім. Арман”, – деді айтыскер ақын. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.