Осыған орай БЖЗҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов қазақстандықтардың сұрағына жауап берді.
Зейнетақы жинағын долларда сақтауға бола ма? – БЖЗҚ жауап берді
Фото: twitter.com: UGC
294
оқылды

Қазақстандықтар теңгенің әлсіреуіне байланысты жинақтары құнсыздана ма деп алаңдайды,  – деп хабарлады  Aikyn.kz. 

Осыған орай БЖЗҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов қазақстандықтардың сұрағына жауап берді.

«БЖЗҚ өз қызметін қатаң түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған шеңберде жүзеге асырады. Азаматтық кодекске сәйкес, Қазақстан Республикасындағы ақша бірлігі – теңге, Қазақстан Республикасының аумағындағы ақшалай міндеттемелер теңгемен көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ  ҚР Әлеуметтік кодексінде міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленетіні белгіленген. Осыған сүйене отырып, зейнетақы жинақтарын басқа валюталарда сақтау мүмкін емес. Бұған дейін хабарлағанымыздай, зейнетақы активтерін сақтау және көбейту мақсатында олар түрлі рұқсат етілген қаржы құралдарына, оның ішінде шетел валютасына инвестицияланады", – деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.