Полицейлер бейнежазбада жазылған оқиғаға қатысушыларды жедел анықтап, заң аясында қажетті шараларды қабылдады.
"Көшеде пышақ ала жүгірген": полицейлер Талғардағы оқиғаның мән-жайын айтты
Фото: polisia.kz
1,561
оқылды

Талғарда екі ер адамның арасында туындаған төбелеске байланысты әлеуметтік желіде видео тарады, – деп хабарлады  Aikyn.kz.   

Полицияның хабарлауынша, аталған факт бойынша полицияға хабарлама түскен жоқ. Соған қарамастан, оқиға Талғар аудандық полициясында тіркелді.

"Полицейлер бейнежазбада жазылған оқиғаға қатысушыларды жедел анықтап, заң аясында қажетті шараларды қабылдады. Ауданның 37 және 31 жастағы тұрғындарын жауапқа тарту үшін полицияға жеткізді. Белгілі болғандай, жанжалдың себебі оларды ажыратуға тырысқан әйелдің туыстары, яғни ағасы мен күйеуі арасындағы дау болды", – делінген Алматы облысы ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысушылардың бір-біріне деген шағымдары жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.