Америкалық нейробиолог Fox News телеарнасында осы тіркестің маңызын түсіндіріп берді, деп жазады Aikyn.kz.
Нейробиологтың сөзін ресейлік Телеграм-арналардың бірі жазғандай, адам миында хабенула деп аталатын шағын, бірақ маңызды аймақ бар. Мидың бұл бөлігі шешім қабылдау және мотивация сияқты маңызды дүниелерге жауап береді.
"Тіпті ол мотивацияны қосып, өшіре алады. Хабенула әлеуметтік желілердегі алаңдаушылық пен негативтен шаршап, құтылғыңыз келген кезде іске қосылады. Нәтижесінде адамның бұл күйден шығуы қиын. Өйткені хабенула мотивацияны өшіріп тастайды, - дейді дәрігер.
Адам пайдалы іспен айналысу керегін біледі, бірақ әлеуметтік желідегі видеодан бас аламай отырғандағы күйге хабенула жауап береді. Салдарынан есте сақтау қабілеті нашарлайды. Адам зейінін де, өмір сүруге деген құлшынысын да жоғалтады. Осылайша ми «шіриді».