Келесі жылы, әсіресе наурыз айында демалыс көп болады.
2025 жылы Қазақстан халқы қанша күн демалады?
2,498
оқылды

Қазақстандықтар 2025 жылы наурыз айында ұзақ демалады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесінде төрт күн демалады. 1 қаңтардан 4 қаңтарға дейін демалыс. 5 қаңтар жұмыс күні. Рождество мерекесі - 7 қаңтар сейсенбіге түсіп тұр. Бұл күн де демалыс болмақ.

Халықаралық әйелдер күні — 8 наурыз сенбі күні болады. Сондықтан қосымша демалыс 10 наурызға түсіп тұр.

Наурыз мейрамында қазақстандықтар 5 күн демалады. 21-25 наурыз аралығында халық Ұлыстың ұлы күнін мерекелейді.

Қазақстан халқының бірлігі күні 1 мамырдағы демалыс бейсенбіге келіп тұр. Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінде 2 күн демалыс.

Биыл Құрбан айт - 6 маусым күніне түсіп тұр.

Астана күні жексенбіге түсіп тұр. Қазақстандықтар 7 шілдені қосқанда 3 күн демалады.

30 тамыз Конституция күні, демалыс 1 қыркүйекке ауыспақ.

Республика күні 25 қазанда қазақстандықтар үш күн демалады.

Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан сейсенбі, демалыс болады.