Бүгін Үшарал-Достық автожолының Ырғайты учаскесінде ауа райының нашарлауы мен қалың қардың салдарынан 30 жүк және 1 жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған.
Жетісу облысында 41 адам қар құрсауында қалған
Фото: видеодан кадр
354
оқылды

Жетісу облысында ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 41 адамды құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бүгін Үшарал-Достық автожолының Ырғайты учаскесінде ауа райының нашарлауы мен қалың қардың салдарынан 30 жүк және 1 жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған. 

Құтқарушылар Вахтовка және жолталғамайтың Трэкол автокөлігімен Көктума ауылына 41 адамды жеткізді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Құтқарылғандардың арасында Беларусь Республикасының, ҚХР-ның, Әзірбайжан Республикасының және РФ-ның 28 шетел азаматтары бар. 

«ТЖМ қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді, дауылды ескертулерге назар аударыңыз және ауа райы нашарлаған жағдайда үйде болыңыз! Төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметінің тәулік бойғы "112" бірыңғай нөміріне қоңырау шалыңыз», - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.