Ол мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан мүгедектік топтарын белгілеу үшін жалпы сомасы 850 мың теңге пара алды деп айыпталуда.
Шымкентте шенеунік медбике арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан пара алған
Фото: istockphoto.com
748
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің қалалық департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

"Ол мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан мүгедектік топтарын белгілеу үшін жалпы сомасы 850 мың теңге пара алды деп айыпталуда. Пара ретінде берілген ақша қаражаты қалалық емханалардың бірінде жұмыс жасайтын медбикенің көмектесуі арқылы алынған. Қазіргі уақытта қала прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді", – делінген Шымкент қаласы прокуратурасы хабарламасында.

Конституцияның 77-бабы 3-бөлігінің 1) тармағына сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.