Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Дәулет Тұрлыханов Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады.
«Болашақ» түлектерінің ішінде су саласын білетін маман жоқ – Дәулет Тұрлыханов
Фото: mashilis.kz/видеодан алынған кадр
230
оқылды

Депутаттың айтуынша, су тапшылығына әртүрлі фактор әсер етіп отыр. Бұл салада маман да тапшы. Тіпті, «Болашақ» бағдарламасымен білім алған мамандардың арасында гидролог мамандар жоқ.   

Дүниежүзілік банк пен Халықаралық су ресурстарын басқару институтының деректері бойынша, Қазақстандағы су ресурстарының көлемі 2030 жылға қарай 15 пайызға дейін төмендейтіні болжанып, 2040 жылға қарай тапшылық 50 пайыз мөлшерінде күтілуде. Бұл –  өте алаңдатарлық ахуал. 

Ұлттық гидрогеологиялық қызмет әртүрлі салалар мен халық үшін сумен жабдықтаудың маңызды элементі болып саналатын жерасты суын қоса алғанда, елдің су ресурстарын мониторингілеу мен басқаруда негізгі рөл атқарады. Климаттың өзгеруi және өсiп келе жатқан антропогендiк әсер жағдайында жерасты су ресурстарының жай-күйiн қадағалап қана қоймай, орнықты сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшiн ұзақмерзiмдi болжамдар әзiрлеу маңызды. Экологиялық және экономикалық факторларды ескере отырып, жерасты суын тиімді пайдалану үшін зерттеулердің жаңа әдістерін әзірлеуге және енгізуге ерекше назар аудару қажет.

Атырау, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары сияқты көптеген өңір үшін жерасты суы  сумен жабдықтаудың жалғыз сенімді көзі. 

Бұл міндеттерді іске асыруда Ұлттық гидрогеологиялық қызметтің рөлі қандай және жерасты суын орнықты пайдалануды қамтамасыз ету үшін қандай нақты шаралар қабылдануда?

Жерасты сулары әлемдегі тұщы суға қажеттіліктің 50%-на дейін қамтамасыз етеді және сумен жабдықтауда, суаруда, өнеркәсіп пен энергетикада негізгі рөл атқарады. Қазақстан жерасты суының едәуір қорына ие. Алайда  біздің мәліметтер бойынша, оларды пайдалану жерасты суларының бекітілген пайдалану қорының 10%-ына да жетпейді.

Бұған дейін Үкімет басшысы Олжас Бектенов «Бір жарым жыл ішінде халықты 100% таза ауызсумен қамтамасыз етуіміз керек» деген болатын.