Полицейлер балағат сөздер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың бір түрі екенін еске салады.
Петропавлда анасын балағаттаған ер адам жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz
260
оқылды

Петропавлда полицейлер анасын балағаттаған ер адамды қамауға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

48 жастағы тұрғын анасына балағат сөздер айтқаны үшін 10 тәулікке қамалды. Ол бұған дейін де осындай құқықбұзушылық жасаған.

Оған қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды. Оған 30 күн бойы анасына жақындап күш көрсетуге, балағат сөз айтуға және қауіп төндіретін қасақана заңсыз әрекеттер жасауға тыйым салды.

Алайда ер адам бұл әрекетінен сабақ алмаған, бірнеше күннен кейін мас күйде анасымен жанжалдасқан. Осылайша, ол қорғау ұйғарымын бұзды. Бұл үшін заңмен 10 тәулікке қамауға алу түріндегі баламасыз жаза көзделген.

Полицейлер балағат сөздер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың бір түрі екенін еске салады. Ол үйдегі жағдайдың шиеленісуіне алып келуі мүмкін. Ұрып-соғу сияқты оның да жолын кесу қажет. Қазіргі таңда отбасында жеке басқа қатысты қорлаудың кез келген түріне жол берілмейді.