Белгілі имам, дін маманы Жарқын Мырзатай қазіргі таңда ұятсыз билер мен ойындар ойнататын, күлдірем деп, бүлдіріп алатын асабалардың әрекетінің қияметтегі жазасы қандай болатынын әңгімеледі.
Біреудің байын біреудің қатынымен билетіп қояды: Имам асабалардың қияметтегі жағдайы туралы айтты
360
оқылды

Ол асабаларды әбден сынап, ащы шындықтың бетін ашты, деп жазады Aikyn.kz.

"Асабалар ренжіп қалмасын. Бірақ, асабалардың жағдайы қияметте қиын болады. Біреудің байын біреудің қатынымен билетіп, ішкізіп қояды. Қазақтың қыздарын қой сияқты аунатып қояды. Біріншіден, олардың бүкіл өмірі арзан күлкі. Содан, бір асаба қайтыс болып, жылдық асына бардық. Көпшілікке 3 минуттық видео көрсетті. Видеода асаба ішу, жеу туралы айтады. Әр құдашамен билеу, құдағилармен құшақтасу болып өмірі солай өткен екен. Қаншама некесіздерді билетіп, ойнатып, құшақтатып жатыр. Құдай сақтасын. Жігітті жерге жатқызып, үстіне қызды жатқызып ойнатқан. Сол жерде асабаның жағын айырып, ұйықтатып тастайтын жігіттер жоқ болғаны ма? Мен айтамын да, өлген бейшараның айыбын ашып, тыныш жатқызбадыңдар-ау деп. Қазақ айтады, сені тәрбилегендерге сөз келтірмейтіндей өмір сүр!", - дейді Жарқын Мырзатай.

Дін өкілін бұл жолы желі қолданушыларының дені қолдаған.

«Жалаңаш шығып билегендерді мүлдем айтпай-ақ қойдым. Алла өз ұрпағымызды саналы ет!», «Дұрыс айтасыз. Қазір асабалар осылай қызықтырамыз деп ойлайды», «Жарқын ұстаз ақиқатты нақ айтатын ұстаздардың бірі», деп жазды көпшілік.