"ҚазАвтоЖол" республикалық жолдардағы ахуал туралы мәліметті жариялады

Үш облыста жолдар ашылды.

"ҚазАвтоЖол" АҚ жолдардағы ахуалды баяндады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

2024 жылғы 19 желтоқсанда сағат 06:00-де келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысы ашылды:

Ақтөбе облысы:
Самара-Шымкент автожолының 526-702 шақырым аралығының учаскесі (БҚО шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін).
"Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы" автожолының 23-99 шақырым аралығындағы учаскесі ("Экоойл" жанармай стансасы - РФ шекарасы);
"Самара-Шымкент" автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).
* Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы автожолының 12-250 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қ.-Қарауылгелді а.).

Батыс Қазақстан облысы:
Самара-Шымкент автожолының 272-526 шақырым аралығының учаскесі (Барбастау ауылынан БҚО шекарасына дейін).

Қызылорда облысы:

"Самара-Шымкент" автожолының 1240-1357 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қ.).

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.