Шымкент қаласы әл-Фараби ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тіркелгендігі туралы жалған мәліметтердің енгізілгенін анықтады.
Шымкентте балабақшада балалардың тіркелгендігі туралы жалған мәліметтер ұсынып, 8 миллион теңге жымқырған
Фото:depositphotos.com
235
оқылды

Шымкент қаласы әл-Фараби ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тіркелгендігі туралы жалған мәліметтердің енгізілгенін анықтады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Талдау барысында мемлекет бюджетінен бөлінген 8 млн теңгеден астам сома қаражатын заңсыз пайдалану фактілері анықталды.

Атап айтқанда, «Т» және «Б» жекеменшік мекемелер Білім басқармасына балабақшаға бармаған балалардың білім алып жатқаны туралы жалған мәліметтер (өлі жандар) ұсынып, мемлекет қаражатын өз бетінше пайдаланған.

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотының үкімімен балабақша құрылтайшылары алаяқтық жасағандары үшін әртүрлі жазаларға тартылып, мемлекетке келтірілген залалды толығымен қайтарды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.