Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда өзін-өзі емдеу өте қауіпті.
Ақтөбе облысында шошқа тұмауын жұқтырғандар саны күрт артты
1,092
оқылды

Ақтөбе облысында шошқа тұмауымен ауыратындардың саны күрт өсті. Бір апта ішінде өңірде вирустық аурулармен емделушілер саны екі есеге артқан,  деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Күн сайын ауруханаға қызуы көтерілген, қатты жөтел және бас ауруы бар 120-ға дейін науқас жеткізіледі. Жартысына жуығы ауруханаға жатқызылады.

Сол үшін уақытылы дәрігерге қаралу керек және мұндай жағдайда өзін-өзі емдеу өте қауіпті, – дейді мамандар.