Америкалық екі астронавт тек наурызда Жерге оралады.
Ғарышқа 8 күнге аттанған америкалық астронавтар Жерге 9 айдан кейін  оралуы мүмкін
711
оқылды

Ғарышқа 8 күнге ұшырылған астронавтар енді Жерге 9 айдан кейін оралады. NASA өкілдері осындай шешім қабылдаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

Боинг компаниясының алғашқы ғарыш кемесі маусымның басында ұшырылған еді. Оның бортында екі америкалық бар. Астронавтар орбитада 8 күн болу керек еді. Бірақ ғарыш кемесіндегі техникалық ақауларға байланысты олардың оралуы осымен бірнеше рет кейінге қалып отыр.

Жоспар бойынша ақпанда SpaceX компаниясы ғарышқа өз аппаратын ұшырып, ондағы астронавтар әріптестерін алмастыруы тиіс еді. Алайда дайындыққа қосымша уақыт керек боп тұр. Сол себепті екі астронавт тек наурызда Жерге оралады. Сөйтіп, олардың ғарыштағы миссиясы 9 айға дейін созылайын деп тұр. 

– Ғарышқа адам ұшыру оңай шаруа емес. NASA бұл бағытта көп жұмыс істеп жатыр. Астронавтарды ғарышта қосымша уақытқа қалдыру ең алдымен олардың қауіпсіздігі үшін қажет. Келешекте мұндай оқиғаларды болдырмау үшін Боинг компаниясы ғарышкерлерсіз миссияларын ұшыруы мүмкін. Мұның бәріне көп уақыт керек, – дейді Аризона университеті Ғарыш институтының директоры Эрика Хэмден.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.