Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап инклюзивті кабинет ашылмақ
449
оқылды

Жиында «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудағы Жол картасының орындалуы және жоғары білім беру жүйесіндегі цифрландыру мен «жалған» дипломдары бар жағдайларды анықтау, жазалау, оларды болдырмау бойынша қабылданатын шаралары жайлы талқыланды.

«AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Республикалық кеңес төрайымы Жұлдыз Сүлейменова 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасындағы, әсіресе оны орындау барысында жол картасының 34-51, 53, 55, 56, 166 тармақтарын қайта қарау керегін сөз етті.

 – Өздеріңізге белгілі, біздің сайлауалды бағдарламамыз «Халықпен бірге» деп аталады. Соның әрбір тармағы елдегі өзекті мәселені қозғап отыр. Мысалы, 34-51 тармақтар – патронаттық тәрбиеге байланысты. Атап айтсақ, 34-тармақ патронат тәрбиешілердің жалақысын екі есеге көбейту, оның ішінде патронат тәрбие ережені бекіту туралы қозғалған. Сонымен қатар, білім саласында да мәселе көп. Елімізде 1,5 млн-нан астам оқушы орнын құру көзделген. Оның ішінде 2025 жылға қарай 619 мың оқу орнымен қамту бойынша Оқу-ағарту министрлігінің жоспарын білгіміз келеді. Шағын қала мен аудан орталықтарындағы, ауылдардағы 3 мың мектепті қайта жаңарту керек еді. 2025 жылға білім мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті кабинеттің кемінде біреуін ашу көзделіп, оны 41 жеткізу жоспарланып отыр», – дейді Жұлдыз Сүлейменова.

Бұл мәселелер бойынша Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева сайлауалды бағдарламасындағы мақсаттарды орындауы бақыланатынын жеткізді.

«2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткіші 92,5% жетті. Жыл соңына дейін 645,8 мың орынға 433 мектептің құрылысы басталды. 375 мың орындық 254 мектеп іске қосылды. Жаңғырту 7 бағыт бойынша жүргізілуде, 1000 мектепте жоспарланған жұмыстар аяқталуға жақын. Балаларды сауықтыру және олардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін дамыту жөніндегі жол картасына сәйкес 11 объект ашу жоспарланып отыр», – дейді Наталья Жұмаділдаева.

Ал жоспардағы екі мәселе бойынша іс-шараның орындалмай қалу қаупі туындап отыр.

«40 сағаттық жұмыс аптасына кезең-кезеңімен көшу және «тәрбиеші-тәрбиеленуші» арақатынасын ЭЫДҰ нормаларына келтіру үшін мектепке дейінгі ұйымдар педагогінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру бойынша 490 млрд теңге шығыс ұсынылып отыр. Бұл мәселенің орындалмау қаупі туындап отыр. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта  білім беру жүйелерінде 25% іс-шараның орындалмау қаупі бар қосымша, техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік ұйымдары басшыларының жалақысын кезең-кезеңімен 100%-ға арттыру бойынша да мәселе бар», – дейді Жұмаділдаева. 

Сондай-ақ отырыста Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоспары мен орындалған жоспарлары талқыланды. Оның ішінде цифрландыру, жалған дипломдарды анықтау мен олардың жолын кесу мәселелері сөз болды. 

Ішкі істер министрлігі дипломдарды қолдан жасау фактілері бойынша қылмыстық істерге талдау жүргізген. 2024 жылдың осы кезеңінде қылмыстық құқық бұзудың осы санаттары бойынша 2613 қылмыстық істі тіркелген. Мәжіліс депутат Жұлдыз Сүлейменова атап өткендей, 40 сағаттық жұмыс аптасына кезең-кезеңмен көшу және тәрбиеші мен тәрбиелеуші ара қатынасын ЭЫДҰ нормаларына келтіру үшін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын тәрбиеленушілер жалақысын көтеру қажет. Бұл мәселе өте өзекті болып отыр. Себебі үкімет тарапынан қолдау таппаған.