«Реніш қалдырғым келмейді»: актриса Әсел Сәдуақасова жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді

Актриса желі қолданушыларының сұрағына жауап беріп, екі жаққа кетуге не себеп болғанын айтты.

Актриса Әсел Сәдуақасова оқырмандарына өзінен сегіз жас кіші жолдасымен ажырасқаннан кейінгі өмірі туралы айтып берді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Актриса желі қолданушыларының сұрағына жауап беріп, екі жаққа кетуге не себеп болғанын айтты. Бұған жас айырмашылығы себеп болмағанын атап өтті. 

“Өткен қарым-қатынасымыздан бір тамшы реніш қалдырғым келмейді. Басыңнан өткен оқиғадан қашып құтыла алмайсың. Тәуелді қарым-қатынастан сақтану үшін қайғыру өте маңызды. Бұл – жеңілдеудің жалғыз жолы. ...Жасымызға мән бермедік. Біздегі айырмашылық – көзқарас. Өмірге деген көзқарасымыз әртүрлі болды. Күн сайын екі түрлі пікір кедергілерді алдымыздан шығара берді. Арты осылай аяқталды”, – деді киножұлдыз. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.