Өңір полициясы жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Алматы облысында жол полициясын көлік қағып, мерт қылды
Ашық дереккөз
363
оқылды

Алматы-Өскемен тасжолында патрульдік полиция инспекторын көлік қағып, мерт қылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 20 желтоқсан күні Алматы-Өскемен автожолының 42 шақырымында болды.

– Toyota Camry 35 жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының 42 шақырымында келе жатып, көктайғақ салдарынан рульді басқара алмай, облыстық патрульдік полиция батальоны қызмет инспекторын қағып кетіп, инерция бойынша Hyundai Elantra қызметтік автокөлігімен соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан полиция қызметкері оқиға орнында көз жұмды. Облыстық департамент қызметте қаза тапқан полицейдің отбасына көңіл айтады, – деп хабарлады ведмстводан.