Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ болып, тұман түседі.
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com
1,069
оқылды

«Қазгидромет» РМК ертең, 23 желтоқсанда Астанада және Қазақстанның 13 облысында дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыс бағыттан жел соғады, батыста, солтүстікте, облыстың орталығында желдің екпіні 15-20 м / с болады, Ақтауда оңтүстік-шығыс бағыттағы жел, түнде және таңертең желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында тұман түседі.

Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қарлы боран болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қарағандыда қарлы боран болады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ болып, тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Атырау облысының оңтүстік-батысында көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының шығысында тұман түседі. Павлодарда түнде және таңертең тұман болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерінде тұман түседі. Облыстың тау асуларында боран соғады. Жел шығыс бағытта соғады, облыстың тау асуларында жел екпіні 15-20 м/с. Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман болады.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

 Астанада кейде қарлы боран болады.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Шығыс бағытта жел соғады, Алакөл көлдері ауданында жел екпіні 15-20 м / с.

Қостанай облысының солтүстігінде қарлы боран, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында қарлы боран, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Петропавлда күндіз қарлы боран болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қарлы боран болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.