Өнер иесі бұл жағдайдан кейін Уәлибек Әбдірайымовтың өзіне деген қамқорлығы мен жанашырлығын сезінген.
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы
1,977
оқылды

Актриса әрі блогер Жұлдызай Дүйсенбиева «1001 түн» бағдарламасында Уәлибек Әбдірайымовқа қатысты қызық оқиғаны айтып, елді күлдірді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі бұл жағдайдан кейін Уәлибек Әбдірайымовтың өзіне деген қамқорлығы мен жанашырлығын сезінгенін айтып, көзіне жас алды. 

«Дина үйге келген. Есікті ашып қалса, тотықұсы өліп қалыпты. Ол ақырып жылаған. Өзі аса эмоциналды қыз ғой. Уәлибек ағалар ол кезде Арысқа жетіп қалған. Сол сәтте Уәкеңнің әйелі Динаға хабарласқан. Ол қатты жылап, сөзін дұрыс жеткізе алмай қалған.  «Жұлдызай әперген тотықұс өлді» дегені Уәлибек ағаның келіншегіне «Жұлдызай өлді» деп естілген ғой. Жанар әпке шошып, «Қашан?» десе, «Білмеймін, үйге келсем өліп жатыр» деп жауап берген Дина. Солай Уәлибек аға көлікті бұрып, қайта артқа қайтқан. Сол кезде ағамыз үйге жеткенше өз-өзіне келе алмағанын айтты. Аяғы дірілдеп шыға алмаған. Бесінші қабатқа көтерілсе, есік ашық тұрған. «Кіре алмай, тұрып қалдым» деді. Солай кіріп, жағдайды білген. Үйге келе жатқанда Уәлибек аға маған хабарласқан екен. Жолда болған соң желі ұстамаған. Ол кісі мені шынымен өліп қалды деп ойлаған. Сонда Уәкеңнің маған деген жанашырлығын ерекше сезіндім. Ол кісі маған әке болды ғой», - деді Дүйсенбиева. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.