Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

Бұл туралы Абай облысының әкімдігі мәлімдеді.

Талғат Мұратов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап. 

Талғат Мұратов Алматы облысы Қаратал ауданы Қалпе ауылында дүниеге келген.

2007 жылы – Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын, 2015 жылы – Қазақстан инновациялық университетін, 2018 жылы – Қазақ қатынас жолдары университетін аяқтаған.

Еңбек жолын 1993 жылы "Стройдеталь" жеке кәсіпорынның атқарушы директоры қызметінен бастаған. Әр жылдары түрлі мекемеде басшылық қызметте болған.

2014-2018 жылдары Бесқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде қызметін бас маман болып бастап, кейін бөлім басшысы болды.

2018 жылы Жарма ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.