Өрт орнынан 17 ересек және 3 бала өз бетінше эвакуацияланды.
Павлодарда пәтер өртеніп, 65 жастағы ер адам көз жұмды
Фото: pavlodarnews.kz
190
оқылды

Павлодар қаласында пәтер өртеніп, салдарынан 65 жастағы зейнеткер көз жұмды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- 23 желтоқсан күні сағат 04.49-да Павлодар қаласындағы Рылеев көшесінде орналасқан көпқабатты үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үш бөлмелі пәтерде үй заттары, жиһаздар мен ағаш еденнің жанып жатқанын анықтаған. Өрттің аумағы 4 шаршы метр болды. Өрт орнынан 17 ересек және 3 бала өз бетінше эвакуацияланды. Өрт сөндірушілердің сүйемелдеуімен тағы үш тұрғын далаға шығарылды, - делінген ақпаратта.

Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар пәтерден 1959 жылы туған ер адамның мәйітін тапқан.