Қалада 25 жыл бұрын пайдалануға берілген 20 шақырым жылу желілері қайта жаңартылған.
Алматыда құбыр жарылып, қаланың бір бөлігі жылусыз қалды
544
оқылды

23 желтоқсан күні Алматыда Бостандық ауданындағы Назарбаев көшесі бойындағы жылу магистраліндегі құбырға зақым келді. "Алматы жылу желілері" авариялық қызметінің мәліметінше, апатқа 1984 жылы пайдалануға берілген құбырдың тозуы себеп болған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жылу желісіндегі апатқа байланысты Сәтбаев - Достық, Тайманов көшелерінің бойындағы, сондай-ақ Самал 1, 2, 3 ықшам ауданындағы тұтынушылар жылусыз қалды.

"Апатты жедел жою бойынша "АЛТС" ЖШС-ның жөндеу-құрылыс қызметі айналысып жатыр. Жылумен жабдықтау қызметі 24 желтоқсан сағат 01:00-ге дейін қалпына келтіріледі деп күтіледі", - деп мәлімдеді "Алматы жылу желілері" ЖШС баспасөз қызметі. 

Құзырлы мекеме қандай да бір штаттан тыс жағдай туындағанда (су, бу, т. б.) өз бетімен әрекет жасамауға және мына нөмірлерге қоңырау шалу арқылы болған жағдайдан хабардар етуге кеңес береді: +7 (727) 378-06-65 (тәулік бойы), +7 (727) 341-07-77 (08:00-ден 18:00-ге дейін) немесе 109.

"Жалпы, биыл қалада 25 жыл бұрын пайдалануға берілген 20 шақырым жылу желілері қайта жаңартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар келесі маусымда да жалғасын табады", - делінген ақпаратта.