Қуаныш Серқазыұлы Сүлейменов 1973 жылы 14 қыркүйекте Семей облысы Шар қаласында дүниеге келген.
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Фото: облыс әкімдігі
402
оқылды

Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қуаныш Серқазыұлы Сүлейменов 1973 жылы 14 қыркүйекте Семей облысы Шар қаласында дүниеге келген. 

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін «Тарих мұғалімі», Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану», Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандықтары бойынша бітірген. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясының магистрі.

Еңбек жолын Жарма ауданы Шалабай ауылындағы «Шалабай» асыл тұқымды зауыты кәсіподақ комитетінің «Парус» жасөспірімдер клубында жаттықтырушы болып бастаған. 1990-1991 жылдары-Семей қаласындағы «Ауа райы» шағын кәсіпорнының суретші-дизайнері. 1993-1994 жылдары Жамбыл облысындағы «Шайзада» кооперативінің жабдықтаушы – экспедиторы. 

1994-1995 жылдары-Алматы қаласындағы «Гүлжан» шағын жеке кәсіпорнының директоры. 1995-1996 жылдары-Жарма ауданы, Шалабай ауылы, Н.Крупская атындағы орта мектепте үйірме жетекшісі.

1996-2001 жылдары – Жарма ауданы, Шалабай ауылы, Н.Крупская атындағы орта мектептің әскери жетекшісі. 2001-2006 жылдары – Жарма ауданы, Шалабай ауылындағы Н.Крупская атындағы орта мектептің директоры. 

2006-2022 жылдары – Жарма ауданы, Шалабай ауылындағы «Шалабай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры.

Тағайындалғанға дейін Абай облыстық мәслихатының төрағасы қызметін атқарды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.