Жоба осыдан үш ай бұрын 200 ауылдан 12 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер қатысқан облыстық турнирден бастау алған болатын. Олардың көпшілігі үшін бұл жарыс спорт биігіне аттаған алғашқы қадам болды.
«AUYL SPORT – бәсекелестіктен гөрі, шабыт алаңы. Бұл – ауыл балаларының жаңа көкжиектерін ашып, өзіне сеніп, үлкен жетістіктерге алғашқы қадам жасауына мүмкіндік. Біз олардың талантына сенеміз және олардың арманына жету жолында қолдау көрсетуге дайынбыз», – дейді Halyk қоры Алматыдағы филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов.
Турнирдің финалында бокс, күрес, каратэ, баскетбол, волейбол және шахмат сияқты алты сала бойынша жарыстар өтті.
«Көбінесе ауыл балаларына қаржылық жағдайға байланысты ірі турнирлерге қатысу қиынға соғады. Бұл турнир оларға өздерін көрсетуге және жоғары деңгейдегі бәсекенің дәмін татуға мүмкіндік берді. Бұл маңызды, өйткені біздің Олимпиада чемпиондарының көбі ауылдан шыққан», – деді еркін күрестен бас төреші болған Берік Шалабаев.
Турнир жеңімпазы Түркістан облысынан келген жас палуан Самир Рахманалиев өз әсері туралы былай деді:
«Мен өз атымды, ауылымның атын асқақтата алғаныма шексіз қуаныштымын! Бұл – менің ең үлкен спорттық іс-шарам, ұйымдастырушыларға осы мүмкіндік үшін алғыс айтамын! Эмоцияларды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес!».