Астана-Щучинск тасжолында тежегіштің істен шығуы салдарынан төлем терминалында жол апаты болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Астана-Щучинск ақылы учаскесінде жолдағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау маңызды екенін көрсететін оқиға болды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізушілердің бірі төлем терминалының алдында тоқтаған, ал екінші жүк көлігі тежеу жүйесінің істен шығуына байланысты жылдамдықты азайта алмай қалған. Абырой болғанда, екі жүк көлігінің соқтығысуы нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда оқиға салдары әлдеқайда ауыр болуы мүмкін еді.
– Бұл жағдай автомобильдерді техникалық тексеруден уақытылы өткізудің маңыздылығын тағы бір рет еске салады. Әсіресе, қыс мезгілінде темір тұлпардың тежегіш жүйесінің, шиналардың және басқа да негізгі тораптарының күйін үнемі тексеру қажет.«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүргізушілерге шлагбаумдар мен төлем терминалдарының алдында сақ болуды және жылдамдықты төмендету қажеттілігін ескертеді. Әсіресе, салыстырмалы тұрғыда әлдеқайда ұзақ тежеу жолын қажет ететін ауыр көлікті басқарсаңыз ерекше мұқият болыңыз, – деп ескертті "ҚазАвтоЖол" өкілдері.
Сонымен қатар ауа райының қыстағы ерекшелігін ескеру қажет. Өйткені суық, көктайғақ және қар автомобильге түсетін жүктемені және жүйелердің істен шығу қаупін арттырады.
Жол қауіпсіздігі – бұл әр жүргізушінің жауапкершілігі. Еске сала кетейік, уақытылы техникалық тексеру және жол ережелерін қатаң сақтау өмірді сақтап қалуы мүмкін.