Еліміздегі барлық колледжді 4 лигаға бөлу жоспарланып отыр: көшбасшы, тірек, әлеуметтік және мақсатты. Оқу-ағарту министрлігінің жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Құжатқа сәйкес, Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасын әзірледі.
Жол картасы алты негізгі бағытты қамтиды. Мақсаттарға қол жеткізу үшін заманауи білім беру экожүйесін құруды, кадрларды даярлау сапасын арттыруды, цифрлық технологиялар мен халықаралық стандарттарды интеграциялауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, бизнес және жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастық тетіктерін қалыптастыруды қамтамасыз ететін 22 іс-шара көзделген.
Сондай-ақ өңірлер экономикасының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кадрларды даярлау үшін колледждердің бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылын күшейту жоспарлануда.
Сонымен қатар талқылауға қосымшада техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 4 лига құру жоспарланып отырғаны айтылған:
Көшбасшы колледждер: тірек колледждерге тәжірибе таратады; ұлттық және халықаралық деңгейлердегі кәсіптік білім берудегі көшбасшылар; басқару мен оқытудың жоғары стандарттарымен, инновациялық инфрақұрылымымен ерекшеленеді;
Тірек колледждер: әлеуметтік және мақсатты колледждердің дайындық деңгейі мен инфрақұрылымының өсуіне жағдай жасауға ықпал етеді; өңірде стратегиялық рөл атқарады және озық технологиялар мен білім беру стандарттарын енгізу алаңы ретінде қызмет етеді;
Әлеуметтік колледждер: жаңғырту және өсу процесінде, жаңа технологияларды белсенді енгізуде; білім беру бағдарламаларын жаңарту жолында; тірек колледждердің қолдауымен өз деңгейін арттыруға ұмтылады;
Мақсатты колледждер: білім беру сапасының стандартын қамтамасыз етеді; прогрестің болмауымен, ескірген инфрақұрылыммен және бәсекеге қабілеттіліктің әлсіздігімен сипатталады; реформалар мен қалпына келтіру үшін қолдауды қажет етеді.
Жоба 28 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.