Оны өз еліне экстрадициялау мәселесі шешілуде.
Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Павлодарда ұсталды
187
оқылды

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Павлодарда ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Заңсыз такси жүргізуші» республикалық жедел алдын алу  шарасы аясында жалдамалы пәтерлерінің бірінде аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматы ұсталды. Ер адам өз Отанында қылмыс жасағаннан кейін жасырынған. 

– Ұсталған адам Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Экстрадициялау мәселесі шешілуде, – деді департаментте. 

Бұдан бөлек, Тереңкөл ауданында тәртіп сақшысы Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзған көрші мемлекеттің азаматын ұстады. Шетелдіктің халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартылды, материал сотқа жолданды.