Қазақстан футбол федерациясы халықты тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
Қазақстан футбол федерациясы бас бапкер Черчесовке қатысты мәлімдеме жасады
484
оқылды

ҚФФ футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қызметінен кететіні туралы БАҚ-та жарияланған ақпарат жалған екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазіргі таңда Станислав Черчесов Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейді.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көзіне, федерацияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады.