Қызылорда облысында аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тасымалдаған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық ПД мәліметінше, Қызылорда облысында ҚР Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің полицейлері "Нашақорлыққа жол жоқ!" жобасы аясында арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Аталған шара облыстық прокуратураның үйлестіруімен өткізілді.
"Шара барысында Ақтөбе қаласынан 5,66 грамм, аса ірі мөлшерде "мефедрон" түріндегі синтетикалық есірткі затын Байқоңыр қаласына тасымалдағаны үшін күдіктелген азаматша ұсталды. Ол синтетикалық есірткі затын заңсыз иемденіп, өзімен бірге сақтаған. Күдіктіге қатысты сот санкциясымен 2 ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жүргізіліп жатыр", – делінген ПД мәлімдемесінде.