Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде қар жауып, кей аймақтарда көктайғақ болады.
-20-25 градус аяз, қар, көктайғақ: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
299
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде қар жауып, кей аймақтарда көктайғақ болады.

Солтүстік-батыс және шығыс өңірлерде қар жауса, оңтүстік-батыста қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Еліміздің оңтүстігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Синоптиктер батыста бұрқасын, тұман, екпінді жел және көктайғақ болатынын ескертеді.

Түнде орталық пен шығыста -20-25 градус аязға дейін ауа температурасы төмендеуі мүмкін. Ал қалған аумақтарда температуралық фонда өзгеріс болмайды.