Бокстан Қарағандыда өтіп жатқан ел чемпионатының екі бірдей финалдық жекпе-жегі өтпейтін болды. Жарақатына байланысты екі боксшы шаршы алаңға шықпады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
67 келіде Санатәлі Төлтаевтың (Маңғыстау облысы) жарақатына байланысты финалдық жекпе-жек өткізілмеді. Осылайша, Түркістан облысынан келген Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы алғашқы жарысында ел чемпионы болды.
48 келіде Ақбота Болаттың (Қызылорда облысы) жарақатына байланысты финалдық жекпе-жек өткізілмеді. Назым Қызайбай Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы жарысында чемпион атанды.
Сонымен қатар Қазақстан чемпионатында ең үздік боксшы номинациясын Төрехан Сабырхан (67 келі) мен Назым Қызайбай (48 келі) жеңіп алды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.